ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӨТЕДІ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2025 жылдың 26 қыркүекте Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
Акция Шымкент қаласында «Арбат» гүлзарында (Бейбітшілік көшесі №4-6) 2025 жылы 26 қыркүйек сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
Елімізде дәстүрге айналған «Халық заңгері» республикалық акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға прокуратура, полиция, әділет департаменті, сот, адвокаттар алқасы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Акция барысында тұрғындарға түрлі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер берілді. Азаматтар еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, неке және отбасы, жер және тұрғын үй қатынастарына қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Әсіресе, әлеуметтік әлжуаз топтағы азаматтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.
Мамандар әрбір азаматтың өз құқығын білуі мен оны қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай шаралар халықтың заңға деген сенімін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Шымкент қаласында өткен акцияда жүздеген тұрғын кәсіби заңгерлерден тегін кеңес алып, өздерін толғандырған мәселелерін шешу жолдарын білді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.
«Халық заңгері» акциясы – қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың жарқын көрінісі. Әр азаматтың заңды құқығын қорғауға бағытталған мұндай бастамалар еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына зор үлес қосады.