КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗЫНШЫ СЕССИЯ ӨТТІ

2

Бүгін Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және мәслихат аппараты қызметкерлері қатысты.

Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды.

Сессияның күн тәртібінде «Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, бөлімдер мен ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Сессия соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, депутаттарға ынтымақтастықтары мен белсенді жұмыстары үшін алғыс айтты.