АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

61

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарын кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындар жеке және әлеуметтік мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, айтылған әрбір мәселенің шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша аудан басшысы бірқатар өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір өтініштің орындалу барысы әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болады.

Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13