“ӨНДІРІСТІК ПАРК” ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағында жаңа “Өндірістік парк” жобасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін пысықтады. Жобаның орындалуына бақылау жасау міндеті аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелді.
Жалпы аумағы 6,5 гектар жерді қамтитын жобада іргетас құю, жерді тегістеу және инженерлік-инфрақұрылымға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда. Сонымен қатар өндірістік нысандардың салынуына кәсіпкерлердің белсенді қатысуы жоспарлануда.
Жоба нәтижесінде аудан экономикасына 800 млн теңге инвестиция тартылып, 85 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.







