ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бекзат Абубакиров азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қабылдау барысында азаматтар түрлі әлеуметтік және қызметтік мәселелерді көтеріп, өздерін толғандырған сұрақтар бойынша нақты түсіндірмелер алды. Әдеп жөніндегі уәкіл әрбір өтінішті мұқият зерделеп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті кеңестер берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің бірқатары тиісті сала мамандарымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралып, заң аясында шешу жолдары ұсынылатыны айтылды.
Азаматтарды жеке қабылдау — халықпен кері байланысты нығайтуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетіктердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назардан тыс қалмайды.








