«ИНКЛЮЗИВТІ АССАМБЛЕЯ» ЖОБАСЫ ТҮРКІСТАННАН БАСТАУ АЛУДА!

4

Бүгін, Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасын іске асыру тетіктері жөніндегі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і ғалымдарымен біріктірілген маңызды отырыс өтті.

Жиынға арнайы қатысушылар:

Қазақстан қырғыздары қауымдастығының төрағасы Исмаилов Шавкат Абдоллаұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов

Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева

Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова

.Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ нен ғалымдар,п.ғ.к., Жаздықбаева Мария,PhD Сұлтанбек Мәлік қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыбы – инклюзия және жаңа мәдениетті қалыптастыру болды. Шавкат Абдоллаұлы слайд арқылы баяндама жасап, қатысушылармен ой бөлісті.

Жиында сөз алған п.ғ.к.,Г.Тоққұлова инклюзивті Ассамблеяның мән-маңызын толықтырып, облысымыздағы, университеттегі бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті. Сонымен қатар, Э.Жанғазиева ҚХА-ның «Инклюзивті Ассамблея» бағытытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша өз ұсынысын жеткізіп, жоба аясында бірлесіп тірлік істеуге шақырды.

Сонымен қатар PhD доктор, Сұлтанбек Мәлік,бұл жиынның маңыздылығы пен жобаның өміршеңдігін атай отырып, ұйымдастырушылар мен құрметті қонаққа рахмет айтып өтті.

Сондай-ақ, ерекше балаларға арналған «Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаева да өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жиынға облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңесінің мүшелері, Медиация кеңесі, этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» және студенттік Ассамблея мүшелері қатысып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«Инклюзивті Ассамблея» жобасы – Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың теңқұқылығын насихаттап, қоғамдағы барлық азаматтардың өз ой-пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін бастама.

Бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде ұрпақ тәрбиесі мен ел ертеңіне бағытталған игі бастамалар алға басады деп сенеміз.