Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді.
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі — Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымына жалпы конкурс 30.01.2026 жылы жарияланғанын, аталған конкурсқа қатысу үшін 02.02.2026 жылы толыққанды құжаттар тапсырғанын, алайда, лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп іріктеу кезеңіне жібермегенін, аталған конкурстық комиссияның қызметін тексеріп, заңды баға беруді және өзінің кандидатурасын конкурсқа жіберуді сұраған.
Осыған байланысты, Департамент тарапынан Түркістан қаласы әкімінің аппаратында (бұдан әрі — Аппарат) жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 10-бабының
1), 8) тармақшаларының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидаларының
37-тармағының талаптары сақталмағаны анықталып, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу дерегі бойынша Аппараттың кінәлі лауазымды адамына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Жоғарыдағылардың негізінде, Департаментпен Аппаратқа тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді (23.02.2026 жыл, № 06-39-05/529).
Ұсынудың қаралу қорытындысымен Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс рәсімдерінің барлық кезеңдерінің күштері жойылып,
конкурсқа қатысушы үміткердің құқығы қалпына келтірілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті












