“ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ЕРДОҒАН —ТҮРКІСТАНҒА СӘЛЕМ АЙТТЫ…”

Түркия Президентінің Түркістанға деген дұғай-дұғай сәлемін қазақтың қайраткер қызы Жанар Темірбекова ханым жеткізді. Саламат болсын- дейміз… Жақсы жаңалықты Жанар ханым былай бөлісті.
“Азия саяси партиялары халықаралық конференциясының Әйелдер қанатының 9-отырысына (9th ICAPP Women’s Wing) Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы облыстық Әйелдер қанатының өкілі және қоғамдағы әйел рөлін зерттеуші ғалым ретінде қатысу мен үшін үлкен мәртебе болды.
Сапардың ең ерекше сәті — Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бізді Долмабахче резиденциясында қабылдауы болды. Ердоған мырза әйелдердің саясаттағы рөліне тоқталып: АK Parti Әділет жыне Даму партиясының 25 жылдық тарихындағы басты тірегіміз — әйелдер» деп, біздің қауымдастыққа деген ерекше құрметін білдірді.
Мемлекет басшысымен жеке тілдесу мүмкіндігі туғанда, мен киелі Түркістан жұртшылығы мен университетіміздің ыстық сәлемін жеткіздім. Оқу орнымыздың бүгінгі қарқынына жылы шырай танытқан Президент: «Түркістанға сәлем айтыңыз!» деп, рухани астанамызға деген ыстық ықыласын білдірді. Кеше Түркиядан келдім, Президент Эрдоғанның «Түркістанға сәлем айтыңыз» деген сөзі ерекше әсер қалдырды. Түркістанға адал қызмет етіп жүрген жандарға сол сәлемді жеткізейін” -дейді қазақ-түрік достығына қалтқысыз қызмет етіп жүрген қазақтың қайсар қызы, Қожа-Ахмет Иассауи атындағы ХҰТУ ректоры Zhanar Temirbekova.
Бәрекелді. Аман жүріңіз Жанар ханым!














