МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІ (МИБ) ИНСТИТУТЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

496
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыру және 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша жиын өтті.
Аталған іс-шараға аудандық әкімдіктердің және басқа да тиісті мекемелердің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, ҚР Кооперативтер Ұлттық қауымдастығының президенті Қ.Шайх мүлік иелерінің бірлестігі институтын енгізу бойынша өз пікірін ортаға салды.
Жиында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында осы бағытта атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың осы салаға қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.
Сондай-ақ, жиында қала тұрғындарының 2021-2022 жылғы жылыту маусымына дайындығы бойынша атқарылған жұмыстар пысықталып, аудан әкімдеріне тұрғындарға тұрмыстық газды пайдалану ережелерін түсіндіру бағытында тиісті шаралар жүргізуге нақты тапсырмалар берілді.