КАРЛ МАРКС ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ 7 КӨШЕ БИЫЛ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

1007

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты 8 елдімекен тұрғындарымен кездесті. Есепті кездесуге 6 мыңға жуық халқы бар Карл Маркс шағын ауданының белсенді азаматтары қатысты.

Жиында аудан әкімі Б.Парманов аталған шағын ауданда атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.

Аудан әкімінің мәліметінше, биыл Бақшалы, Құрылыс, Айшықты-2 және атауы жоқ №1,2,3,4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал алдағы жылдары тағы 8 көшеге асфальт жол салынады. Сонымен бірге 2 балалар алаңшасы салынып, жыл соңында шағын аудан сапалы интернетпен қамтылатын болады.

861 отбасы қоныстанған Карл Маркс шағын ауданы толығымен сапалы электр жарығымен, ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk