МАҚТАРАЛДЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

708

Ата заңды ардақ тұтар абзал жанның бірі-Айыпберген Балтабайұлы. Ол, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер енгізу жайлы референдумды бірауыздан қолдайды. Түркістан облысы Мақтарал ауданының тумасы. Айыпберген ақсақал соңғы жылдар шығармашылыққа ден қойып, оқырманға ақын-жазушы, аудармашы, ғылыми ізденуші ретінде танылып жүр. Мақтарал аудандық Билер алқасы төрағасының орынбасары, Қонаев қорының мүшесі Айып-Нұр ағамыз қоғам белсендісі. Оның туған елге деген сүйіспеншілігі ерекше.

” Жүрегінен шыққан “Мақтаралым мақтанышым” атты патриоттық өлеңі, бүгінде Мақтарал халқының әнұранына айналып кеткендей. “Атакент ауылының 20 мыңнан астам халқы Референдумға бір кісідей белсене қатысады деп сенемін. Билікті халыққа беру, Қазақстанның жер үсті, жер асты байлығын халыққа беру, әр адам өз ойын еркін айтатын, демократиялыққа бағыт бұрған Жаңа Қазақстанның жарқырағанын көруі керек. Бұл референдум сол бастаманың игілікті бастауы болмақ. Сондықтан да референдумға әрбіріміз үн қосуымыз қажет”

-дейді Айыпберген Балтабайұлы ақсақал.


Ерсұлтан Әмірбек
Түркістан облысы ҚХА журналистер мен блогерлер клубының төрағасы, Референдум қоғамдық штабтың мүшесі