ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ДИНАМИКАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА 4 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ АШЫЛУДА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 83 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкентте жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қала экономикасының қарқынды дамуына және инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жаңадан 4 өндірістік алаң ашу жұмыстары басталды.
— «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Аумағы 306 га, қазір инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд. теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. 5 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады. Бүгінгі таңда 17 жобаға жер телімдері беріліп, инвесторлар жұмыстарын бастап кетті.
— Аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Басты бағыты — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 7 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыруға жер телімдері ұсынылды.
— «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын кеңейту. Аймақты кеңейту бойынша қосымша 175 га жер учаскесі анықталды. Бұл аймақта құны 150 млрд. теңгеге 30-дан астам ірі жобаны жүзеге асырып, 3 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
— «Стандарт» жекеменшік индустриялық аймағы. Бұл аймақтың ерекшелігі — инвестор өз қаражаты есебінен 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдарын салып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынады. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда аумақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 83 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі 83 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 55 арендалық пәтер қолданысқа табысталса, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 13, көпбалалы отбасыларға 15 пәтер қолданысқа берілді. Бұдан бөлек былтырғы жылдан өтпелі болған 164 пәтермен ағымдағы жылдың басында кезектегі азаматтар қамтылған болатын. Аталған тұрғын үйлердің сатып алу құқықғы жоқ.
Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева азаматтарды қабылдауда айтып өтті. 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланған. Oның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-54, көпбалалы отбасыларға-476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына — 218, жұмыс істейтін жастарға-857. Бүгінде 1605 пәтердің 83-і түрлі санаттар бойынша ел игілігене табсталып отыр. Қалған жалдамалы баспаналар жоспарға сәйкес жыл соңына дейін кезең-кезеңімен берілетін болады.
Айта кету керек, басқарма басшысы 40-қа жуық тұрғынды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізіп, Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның шешілу жолдарын қарастырды. Қабылдауда болғандардың қатарында кезекке тіркелген көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, сондай ақ зейнеткерлер бар. Тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға жалдамалы баспаналар кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді.