РЕФОРМАЛАР БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

409

Әл-Фараби атындағы ұлттық әмбебап кітапханасында бірқатар шымкенттік қоғамдық ұйымдардың өкілдері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жиын өткізді.  Жиынды мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев жүргізіп отырды.

Жолдауда мемлекеттің дамуы үшін билік пен қоғамның өзара іс-қимылы аса маңызды екені атап көрсетілген. Спикерлер бұл мәселеде жастармен жұмыс істеудің өзекті екенін атап өтті.

Ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Серікбай ОҢБАЕВ өскелең ұрпақтың болашағы жолында  игі істер атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлер мектепке 1 қыркүйек Білім күні ғана емес, басқа күндері де барып, түрлі іс шараларға қатысады.

Жиында Arman Alani қазақстандық коалициясының төрайымы Фарида Бәкібаева сөз сөйледі. Ол бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесімен айналысатын ұйымдарды қандай көмек күтіп тұрғанын айтты.

-Мысалы, «Рахмет саган, Ана!» жобасы  ерекше балалардың ата-аналарымен құрылған. Қазір олар инватуризм идеясымен жұмыс істеуде, бірақ бұл жобаны жүзеге асыру  оңай емес. Бәлкім, ол болашақта өз көрінісін табатын шығар, — дейді Ф.Бәкібаева.

«Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларына қарағанда менің ойымша,биылғысы бөлек. Жолдауда ел тағдырына, оның одан арғы саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытына, мемлекетті түбегейлі өзгертуге деген құлшынысына терең мән берген, – деді Шымкент қалалық Азаматтық альянсының төрағасы Жұмағали БІЛІСБЕКОВ. – Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін өмірдің барлық салаларындағы қайта құруларды жеделдету керектігін айтқан болатын. Кезінде айтылған реформалар биліктің атқарушы және өкілді тармақтарының қызметін түрлендіруге, оның тиімділігін арттыруға бағытталды. Сондықтан біз Президенттің айналысына топтасып, еліміздің дамуына әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Ал сіз оны өз қалаңыздан, көшеңізден, аулаңыздан бастауға болады, — деді ол.

«Шымкент келбеті»