5 ҚАЗАНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ, БАТЫСЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ КҮТІЛЕДІ.

397

Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады күші 15-20 тау асуларында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Қатты жел кезінде жарақаттанып және зардап шегіп қалмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтау керек: желдің күшеюі кезінде ғимараттан шығуға шектеу қойыңыз.

Балаларды қараусыз тастамауды ең маңызды бақылауға алу қажет.

Егер қатты жел Сіз далада болған кезде болса, жер асты өту жолдарында немесе ғимарат подъездерінде күтуіңізге болады.

Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.

Қоғамдық көлік аялдамалардың, жаднама щиттарының, салынып бітпеген құрылыстардың, ағаштардың жанында тұрмаңыз. Қатты жел кезінде электр беру сымдарының және үзілген электр сымдарының қасында тұру қауіпті.

Қауіп кезінде және құтқару іс — шараларын жүргізу қажеттілігінде 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!