ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ХАЛҚЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

264

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелерінің ауыл халқымен кезекті кездесуі Сауран ауылында жалғасын тауып, Жібек Жолы ауылдық округінің халқымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Кездесуге аудандық қоғамдық штаб мүшелері Кипшакбаев Темірхан, Жүнісова Сабира қатысып, елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етіп, жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артып, мектептер мен балабақшалар көптеп салынатынын жеткізді.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ды құрап, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 4,7 млн адамға дейін артатындығы, бизнестің сұранысын ескере отырып, Салық кодексі және мемлекеттік сатып алу туралы заң қайта қаралатындығын түсіндірді.

Барлық жерде цифрландыру үрдісі енгізіліп, мемлекеттік органдар қабылтайтын шешімдердің ашықтығын арттыру жоспарланғанын және ауылды жерлерді кешенді дамытудың тұжырымдамасы қабылданғаны туралы да кездесуде айтылды.

Кездесу соңында Т. Кипшакбаев жиынға қатысушыларды Қ.К.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында аталған басымдылықтарға қолдау көрсетіп, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.