САУРАН АУДАНЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

206

Бүгін «Есіктен есікке» акциясы өз жалғасын тапты. Акция аясында аудан көлемінде үнпарақтар тарқатылып, ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен ауылды жерлерді кешенді дамыту тұжырымдамасы жайлы кеңінен тарқатылып айтылды.

«Jastar Ruhy» жастар қанатының белсенді жастары аудан тұрғындарына үнпарақтар тарату жұмыстарын белсене атқарып, алдағы сайлау науқанына өзіндік үлестерін қосты.

Жастар үнпарақтар таратып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, «toqaev2022.kz» ресми сайтының іске қосылғандығын, бұл платформа арқылы кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен толыққанды нұсқасымен танысуға болатынын түсіндірді.

Айта кетейік, аталған ресми сайтта елімізді одан әрі дамуына, гүлденуіне өз ұсынысыңтарызды жолдай аласыздар және кандидатқа тілек хат жазу мүмкіндігі де қарастырылған.

Үнпарақтар таратқан жастар ауыл тұрғындарын Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.