«ҚЫС-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ –ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛУДЕ.

177

2022 жылдың 25 қараша күні оқу-жаттығудың 2 күнінде сағат 09.00-де «Қарғын-2002» сигналы түскен сәтте Түркістан қаласының Азаматтық қорғау қызметтеріне, мекемелер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына және «Қыс-2022» РКШОЖ қатысатын мекемелерге қабылданған сигнал жеткізілді.

Оқу-жаттығу практикалық түрде 112 пультіне жылдамдығы 25м/сек дауылды жел, қатты жауған қар және ауа температурасы -30°C әсерінен мынадай хабарламалар түскен:

1-хабарлама: Түркістан қаласындағы «Жылу» МКК орталық қазандығына өрт және авария орын алып, 1-ші және 2-ші мөлтек аудандардағы тұрғын (1500-абонент) үйлер мен мекемелерге жылу беру тоқтағандығы туралы;

2-хабарлама: Осы күні Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданындағы электр трансформаторында қысқаша тұйықталу орын алып, көп қабатты тұрғын үйлер жарықсыз қалуы.

3- хабарлама: Отырар мөлтек ауданында жер астынан өткен су құбыры жарылып, көше бойларына су тасып, тұрғындар сусыз қалып, халықтың тыныс тіршілігі бұзылғандығы туралы;

4-хабарлама: Түркістан қаласы, Тараз көшесі №74 үй тұрғындарының айтуынша, белгісіз автокөлікпен орташа қысымды ДУ-89 мм жер үсті газ құбырына соқтығысып, нәтижесінде газ құбырында авария орын алған. Табиғи газсыз қалғандар саны алдын ала мәліметтерге сәйкес 800 абонентті құрайды.

Шартты түрдегі оқу-жаттығу барысында орын алған төтенше жағдайларды жою жұмыстары жүргізілді. Жалпы оқу-жаттығуға 41 техника 118 адам жұмылдырылды.