ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМДЫЛЫҚТЫ БІРЛЕСЕ ТОҚТАТАЙЫҚ!

212

25 қараша — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жоюдың халықаралық күні аясында Түркістан қаласының полиция басқармасында “Әйелдерді,қорламайық,қорғайық!” атты республикалық акциясы басталды.

Шараның негізгі мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыру.

Сондай-ақ,акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пунктерінің жанында мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылады.

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз, төмендегі байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуыңызға болады: «Сенім» телефоны: 102 нөміріне, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызмет секторы – 8-705 -176-18-93.