ҚАЛА ӘКІМІ НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ «БЕКЗАТ» СЕКТОРЫНА ДА АРНАЙЫ АТ БАСЫН БҰРЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН ПІКІРЛЕСТІ.

222

Жалпы жыл басынан бері өткен кездесулер нәтижесінде 101 мәселе көтерілген болатын. Оның:

— 65 орындалды (18 инфрақұрылым, 10 жол мәселесі, 6 қоғамдық көлік, 9 электр жарығы, 7 тазалық, 7 жарықтандыру, 2 абаттандыру және 6 әлеуметтік сала);

— 12 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде;

— 24 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Түркістанда көпқабатты 46 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде , көпқабатты 54 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қала әкімі әлі де жөндеуді қажет ететін 23 үй барын атап өтті.

«Бекзат» секторында көпқабатты тұрғын үй саны 11 болса, оның 10-ы күрделі жөндеуден өткен, 1 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінден «Бекзат» секторында 1200 орынды құрайтын 1 мектеп құрылысын жүргізу көзделген.

Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың 33 937-сі сапалы электр қуатымен қамтылған. Сағатына орташа тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Биыл «Бекзат» секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде 1 трансформатор орнатылды.

«Бекзат» секторында 118 көше болса (оның ішінде 20 көше асфальт жол, 83 көше тас жол, 15 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 8,6 шқ құрайтын 16 көшеге тас төселді, 6,62 шқ. құрайтын 3 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.

2 нысанның құрылысы жоспарлануда. Атап айтсақ, темір жол аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын 2023 жылы іске асыру көзделген, Ә.Жангелдин көшесіндегі құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау қарастырылды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы кездесу барысында тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.