ҚАЙТАЛАП ҚЫЛМЫС ЖАСАУ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА ӘКЕП СОҚТЫ
Қала прокуратурасы салынып жатқан құрылыс объектілеріне заңсыз кіру арқылы бірнеше рет құрылыс материалдарын жасырын жымқырды деп айыпталған С.Асанбаевқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдаған. Асанбаевтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 500 мың теңгеден астам залал келтірілген. Кезекті қылмысты жасау кезінде Асанбаевты күзетшілер оқиға орнында ұстаған. Түркістан қалалық сотының үкімімен С.Асанбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтары және ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды қасақана жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның әрекетінде қылмыстардың қайталануы бар екенін ескере отырып, 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.