МЕЙІРІМ ЕТСЕҢ — МЕЙІРІМДІЛІК КӨРЕСІҢ

206

Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етеді.

Бүгін дәстүрлі шараға айналған – «Мейірімді жүрек» ізгілік шарасы өтті. Жиырма бес ерекше қажеттілігі бар балаға жиында арнайы сыйлықтар табысталды. Балалар өз кезегінде әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.

Қайырымдылықтың үлгісі болған игі шарада алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы өз сөзінде, «Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Осы қасиеттер арқылы балалардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтап, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық, мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз.Бүгінгі шара әлі де жалғасын табады»деді.

Сонымен бірге, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы балаларға ізгі тілегін арнады.