ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘЖЕЙГЕ БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

213

Аналар мерекесі қарсаңында Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жұмадұлла Кішібаев ағамыз бастаған ел ағалары, қала тұрғыны, 93 жастағы жалғызбасты кейуана Рабия Төребаеваға Жаңа қала ауданынан 2 бөлменің кілтін тапсырды. Осы қайырымды шараға мұрындық болған азаматтар Қуандық Ерсұлтанов, Әсем Үркімбаева, Пернекүл Қошқарова, Марат Мақұловтардың үлесі мол екенін айта кету қажет.

Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жұмадұлла Кішібаевтың айтуынша жалғызбасты Рабия әжеміз осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген. Түркістан қалалық ақсақалдар алқасына өткен жылдың қараша айында көмек сұрап келген екен. Сол кезден бастап, әжейге қолұшын беруді мақсат етіп, демеушілер есебінен 2 бөлмелі пәтер алуға қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, Жұмаділла ағамыз осы қайы-рымды іске атсалысқан барлық аза-маттарға және қала әкімдігіне өз алғы-сын білдірді. Шарада қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар бөлімінің басшысы Гүл-жамал Даханова қарт әжейді мереке-сімен және баспаналы болуымен құттықтап, әжейге тұрақты күтуші қарастырылғанын, оған қажетті барлық жағдайдың жасалатынын жеткізді. Шараға жиналған көпшілік, үйдің алдына керілген лентаны қиып, пәтердің ішін аралап, қарт әжейге қоныс құтты болсын, айтты.