МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ САЙЛАУҒА ОТБАСЫМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

469

Шымкентте белгілі спортшылар да сайлауда белсенділік танытып жатыр. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков отбасымен бірге келіп, № 269 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.
Мұхтархан Қобыланбекұлы қала тұрғындарын, спортшылар қауымын маңызды іс-шарадан қалыс қалмауға шақырды.

– Бүгінгі саяси додада азаматтар белсенділік танытып жатыр. Халықтың көңіл-күй жақсы. Бүгінгі сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңызы зор. Сол себепті де біз іс-шараға отбасымызбен келдік. Сайлау бұқара болып шешім шығаратын маңызды саяси мереке.
Еліміз дамуына әрбіріміз бірлесе атсалысайық, – деді белгілі спортшы.

Айта кетсек, № 269 сайлау учаскесінде 2501 сайлаушы тіркелген.