ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЕКІ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

191

Еңбекші ауданында 9 мамыр — Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 2 заманауи кешенді балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Досбол Есілбек, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Байкен Әшірбаев пен Мұратәлі Қалмұратов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, балаларға сый-сияпаттарын тарту етті.

Еңбекші ауданында жыл басынан бері 35 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды. Одан бөлек жеке секторларда балалар ойын алаңшасы, көше тренажеры және воркаут алаңдарының құрылысы жүріп жатыр.