9 МАМЫР — ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ!

243

Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн… Бұл күн-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.

 

Бұл күн — қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні… Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды, әпкелерімізді сарыла күткен сағыныш күні…

 

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

 

#Бірлікдамуүшін

#Қоғамдықкелісімбаспасөзқызметі