104 ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

316

Шымкент қаласында құрылыс барысы қарқынды. Қалалық құрылыс басқармасы тарапынан бірқатар нысандардың құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде.

2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 124 жобаны (156 нысан) іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 104 жобаның құрылысы жүргізілуде. Биыл 95 жобаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде, қазіргі уақытта 2 нысанның құрылысы аяқталды (Тұран шағынауданы, 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы және ӘІО оқушылар сарайы). Ал 61 жобаның құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Атап айтқанда, жыл соңына дейін 67 көпқабатты тұрғын үй, 13 инженерлік-инфрақұрылым, 6 білім, 1 мәдениет, 4 спорт, 2 төтенше жағдайлар және 1 денсаулық сақтау нысанының құрылысы тапсырылады.