ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА ҮЛКЕН ЖИЫН ӨТТІ

77

Бала қауіпсіздігі – басты талап. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен апталық аппарат мәжілісі өтіп, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселелері қаралды. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев қатысып, тәртіп сақшылары тарапынан атқарылатын жұмыстарға тоқталды:

«Оқушылардың жазғы демалыс кезінде полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын. Мәселен лагерлердің және демалатын балалардың санын алып, қызметкерлер мен патрульдік автокөліктердің есептерін дайындаймыз. Сондай-ақ балаларды тасымалдайтын автобустардың тізімін алып, техникалық жағдайын тексереміз. Айта кетсек, қайта жабдықталған автобустар жарамсыз деп табылады.

Сонымен қатар автобустардың алдыңғы және артқы бөлігінде «Абайлаңыз балалар!» тақтайшасы болуы тиіс. Көліктің доңғалақтары және техникалық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Автобуста қаралған орындықтардан артық балаларды отырғызуға болмайды және де қосымша жүргізуші міндетті түрде болуы тиіс.

Демалыс кезінде балаларды сауықтыру ұйымдарына тасымалдайтын автобустарға міндетті түрде патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен ілесіп жүру жүзеге асырылады»-деп атап өтті. Балалардың жазғы демалу кезеңінде полиция қызметкерлері лагерь аумақтарына бекітіліп, қауіпсіздік шараларын қабылдауға тәулік бойы кезекшілікке түседі.

Өз кезегінде депармент бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденов қала, аудан полиция басқарма, бөлім бастықтарына, балалардың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, нақты тапсырмалар беріп, жеке бақылауына алғанын мәлімдейміз.