СУ САЛАСЫНА БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚАЖЕТ

215

Су – тіршілік көзі  ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс болып табылады. Соңғы онжылдыкта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы алаңдаушылық тудырып келді. Ce6e6i, халық саны өсіп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр.

Елімізде жалпы суды пайдалану өте өзекті мәселе. Ғылыми-зерттеулерге сүйенсек, әлемде жылына ауыз судың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде болып отыр. Пайдаланатын ауыз судың көзi ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер алынады. Осылардан су резервуарларға жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су peтінде пайдаланылады. Бұл процестерді  орындау үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап, сумен қамтамасыз ететін  нысандарға дейiнгі құрылыс нысандары, яғни, бірнеше шақырымға созылған су құбырлары қолданылады. Осы орайда ескере өтетін жағдай, өткен ғасырда салынған су құбырлары  жүйесінің және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Бұның салдарынан құбырлардың жиі жарылуы, жеткізілетін су сапасының төмендігі орын алып жатады. Кейде судың сапасы санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайлар да кездесіп отырады. Жалпы алғанда, таза су пайдалану саласында қордаланған проблемалар баршылық.

Қазақстан ipi трансшекаралық өзендердің төменгі ағысында орналасқан. Сондықтан да мемлекетіміздің сумен қамтамасыз етілуі көбінесе көршілес елдердің су шаруашылығындагы ұстанымына, олардың экономикасының дамуына, халық санының өсімінe байланысты.

Бүгінде егін шаруашылығында барлық фермерлер ресурс үнемдегіш технологияларды пайдаланады. Eндігі мәселе, егіс алқаптарында суару жұмыстарына  осы технологияларды пайдалану кажеттілігі туындауда.

Сондықтан да су саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге бағытталған  мамандарды қалыптастыру үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан Университеті және осы өңірдегі жоғары оқу орындарында дайындалатын ауылшаруашылық-техникалық мамандықтарына білім беру бағдарламаларының маңыздылығы мен сапасын арттыра отырып, сұранысқа ие су саласының мамандарын дайындауға бағыттау қажет.

Сол мамандардың құзіреттілігі мен біліктілігi – республика экономикасының барлық салаларында суды үнемдеудің жаңа технологияларын, су шаруашылығында өнеркәсіптік үдеpic бойынша басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізуге, су ресурстарын  тиімді пайдалану мен қорғау тұрғысында су ресурстарының қорын  сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев халыққа жолдаған кезекті Жолдауында су ресурстарын пайдаланудың мәселесін көтерді. Биылдан  бастап техникалық мамандықтарды даярлауға аса көңіл бөлу керектігін де баса айтылған.  Президенттің бұл шешімін  қолдаймыз. Бұл бағытта сапалы мамандар даярлау – біздерге жүктелген үлкен міндет!

 

Б.ДАУЛЕТБАЕВ, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Аграрлық факультеті

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника»

кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к.