ХАЛЫҚТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚОЛҒА АЛЫНҒАН 62 ЖОБА

166

Қаратау ауданының аумағына 18 елді мекен кіреді. Шымкент қаласының 19 500 гектарын алып жатқан аудандағы тұрғындардың саны 190 мыңнан асады. Қаратауға қарасты – 595 көше, 7 – демалыс орны бар. Елді мекен тұрғындарын мазалаған өзекті мәселелер жыл сайын кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бұл туралы Қаратау ауданы әкімі Рахымберді МҮЛКЕМАНОВ толығырақ айтты.

–Биыл Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарының қарқыны артты. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай аяқталса, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтылады. Ал, электр жарығымен қамтуға келер болсақ, 2022 жылы Тұран, Нұртас, Достық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары жүрді. Нәтижесінде олардан бөлек, Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан инвесторлық бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілері мен трансформаторлар алмастырылуда. Тұрғындарды газбен қамту мәселесі де шешімін тапты. Биыл Тұран шағынауданына газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, абоненттеу жүргізілуде. Тассай, Нұртас шағынаудандарында газ құбырын тарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Қазіргі уақытта елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызды құрап отыр. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған,–деді Р. Мүлкеманов.
«Халық қатысатын бюджет» жобасымен аудандарда атқарылған жұмыстар өте көп. Атап айтқанда, халықтың өз қолдауымен аумақтар көгалдандырылды, тротуарлар, пандустар, арықтарды салынып, жөнделді. Күні бүгін ортақ пайдалану орындарын құру және жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату іс-шаралары дауыс беруге шығарылып, олардың бірқатары жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында 2023 жылы ауданда 92 жобаны жасау жопарланып, бүгінде 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліпті. Қазіргі уақытта мердігер мекемелер құрылыс жұмыстарын бастап кеткен.
Аудан аумағында жалпы ұзындығы 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымы топырақ көшелер. Биыл 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 41 көшеге шағал тас төселмек. Жалпы 2025 жылға дейін 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальтталады.
Аудан әкімінің айтуынша, биыл 41 балалар және 12 спорт алаңша салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс жұмыстары жүруде. Қолайсыз ауа-райында су басу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылған. Ал, 2023 жылы 17 орынға 15,1 шақырым ирригациялық арық жүйелерін салу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде,–дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық 91 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылып, биыл 30 көшені жарықтандыру жұмыстары мердігер тарапынан атқарылып жатыр. 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көше жарықтандырылады.Тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарға қойылыпты. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылмақ.
Қаланың күн тәртібінде қысқа дайындық жұмыстары тұр. Бұл бағытта аудандағы жұмыс қарқыны қызу. 2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына 447 көпқабатты тұрғын үйге «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп сығымдау жұмыстарын жүргізу жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын 8 қызмет көрсетуші мекеме атқаруда. Жалпы көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін мекемелер 12 арнайы бригадамен сығымдау жұмыстарып жатыр. Қазіргі таңда, 235 тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жасалынған. Қалған 212 тұрғын үйдің дайындығы қыркүйек айының 15-не дейін аяқталады.
–Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 7 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Биыл санитарлық тазалық жұмыстарын «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісімшарт түзу көрсеткіші 99 пайызды құрады. Аталған көрсеткішті ағымдағы жылы 100 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларына өткен жылы 375 жаңа қоқыс контейнерлері орнатылып, 46 қоқыс алаңшасының орны жаңартылған. Биыл 127 жаңа қоқыс контейнері орнатылды, – деп атап өтті Р. Мүлкеманов.
Айта кету керек, аудан әкімі тұрғындардың өтінішін де басты назарда ұстайды. Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының «I-KOMEK 109» ситуациялық орталығына осы уақытқа дейін 832 өтініш келіп түскен. Оның 820 өтінішіне толық жауап жолданса, 12-і бойынша жұмыс атқарылуда. Өтініштердің шешімін табу мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

«Шымкент келбеті»