ШАҒАДА ӘКІМ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

201

Бүгін Шаға ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр. Сайлау орталығының мәліметінше саяси маңызды шара ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес жүргізілуде. Төрт сайлау учаскесі таңғы 07:00 де өз жұмыстарын бастады. Алғаш келіп дауыс берген сайлаушыларға сыйлық берілді. Ауыл әкімі болуға ниетті 2 кандидат сайлауға түсуде.

Шаға ауылында 4 945 сайлаушы бар. Тұрғындар сайлауға белсенді қатысуда. Ауыл халқы ешқандай қысымсыз дауыстарын беруге келіп жатыр. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық нормалар сақталған. Дауыс беру барысында келеңсіз жағдайлар байқалмады. Айта кетейік, биыл бұған дейін екі ауыл округте әкім сайлауы өткен болатын.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі