«ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ БӨЛІНУІ КЕРЕК»

153

Ескіиқандық фермер, Мәметхан Юлдашев:

«ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ БӨЛІНУІ КЕРЕК»

Бүгінгі күндегі ең өзекті мәселе ағын су жайы. «Казводхоз» бен «Тұран судың» ортасында қиын жағдай қалыптасып отыр. Менің айтайын дегенім обысқа қызмет көрсетіп отырған «Казводхоз» бен «Тұран су» мекемелерінің тарифын Астанадағы монополияға қарсы агенттік бекіте ала ма? Мұны Түркістан облыстық монополияға қарсы басқарма бекітіп берсін. Себебі, судың нарқы 19 теңге, ал олар 650 теңгеден әкеліп сатуда. «Казводхоз» біздің балансымызға алдық дейді. Үш жылдан бері құрылысы жүріп жатыр. Алайда, «Казводхоз» күні бүгінге дейін ешбір шаруа қожалығымен, фермермен келісім-шарт жасаспаған. Қолдарына квитанция берілген емес. Цифрландырылды. Бірақ кассалық аппараты жоқ. Болмаса «энергопоток» секілді Каспий банкімен төлем жүргізуге болар еді. Қазіргі кезде қолма-қол ақша «Тұран суға» беріледі. Одан «Казводхозға» өтеді. Оның аржағында тағы бір фирма бар. Осылай жалғаса береді. Портал ашып, орындалған жұмыстар бойынша есеп берсе, ақысын төлеуге болар еді.

Мұны шешудің екінші жолы, жер асты суларын пайдалану мүмкіндігіміз бар. Шорнақ та Арыс-Түркістан су каналынан су алатындықтан ол су ауылға жете бермейді. Шаруа қожалықтары қазір өздері құдық қазып алып жатыр. Бірақ оған барлығының жағдайлары келе бермейді. Шорнақта да, Ескі Иқанда осындай жағдай қалыптасып отыр. Агроөнеркәсіп салаларын қаржыландырудың 2018 жылғы субсидиялаудың кей қаражаттарын қайтарудың қағидалары туралы құжат бойынша бар. Адамдар миллион теңгеге құдық қазса, 500 мың теңге субсидия алады. Бірақ сол бағдарлама бойынша құдық қазған адамдарға тамшылатып суаратын қондырғы орнатқан жағдайда, немесе сорғы орнатқан кезде кемшілігі шығып жатса, прокуратура жетіп келеді. Сондықтан, фермерлер бұдан безіп кеткен. Бес гектарға бір құдық қазуға болады. Шаруа қожалықтарына тамшылатып суғару, күн батареясын пайдалану да қосымша қиындықтар әкеледі. 2018 жылдан басталған осы бағдарламаның нәтижесіз болып, елдің оған ұмтылмауының сыры осында. Сондықтан, құдық қазған адамға субсидия беруді екі-үш жылға жалғастырсақ ағын су мәселесін осылай шешуге болады. Сол кезде, Арыс-Түркістан каналына бағынышты болмаймыз. Ауылдағылар да екі есеге дейін өнім ала алады.