ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

166

Түркістан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 02.12-09.12 желтоқсан аралығында өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске кажетті жаңа технологиялармен танысу мақсатында Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми іс-сапармен барды.

Іс-сапар аясында Түркістан қаласы, Сауран, Созақ, Түлкібас және Төлеби аудандарының әкімдері, Түркістан облысы әкім аппаратының іс басқармасының басшысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары мен облыстың бизнес делегациясы қатысты. Сауран ауданы атынан делегация құрамына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров және әкім орынбасары Ербол Жанғазиев пен аудандық кәсіпкерлер де бар.

Сапардың негізгі мақсаты облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу болмақ. Делегация алғашқы күні Қытай Халық Республикасының Чженчжоу қаласының Хэнан провинциясында бірлесе тығыз қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу бағытында кездесулерге қатысты. Онда «Henan Zhongxing» өнеркісіп кір жуғыш ұнтақ, кір сабын өндіру саласы, «Чжэнчжоу Ванге» атты бір рет қолданылатын өнімдер салфеткалар, дәретхана қағазы, орама қағаз өндіретін өнеркәсіппен, «Zhengzhou Weilisi New Building Materials» атты жанбайтын ерітінді, полимерлі су өткізбейтін өндіретін және «Zhonghe Yunxing Feed» жем өндіру өнеркәсібінде болды.

Түркістандық делегацияның іс-сапары Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен жалғасты. «Henan Jicui Environmental Protection Technology» өнеркәсібіне барып, бір рет қолданылатын пластикалық шыны аяқтармен, «Henan Pengyu Packaging Products» зауытына барып пластикалық банкалар, пластик қораптар, басқа пластик қаптамалар шығару жұмыстарымен танысты.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі