«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ АШЫҚ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

164

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімдігінің ғимаратында ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев пен мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Налшиева арнайы қатысып, сөреге қойылған бірқатар кітаптармен танысты.

— Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен барлық аудандағы әкімдіктерде жылжымалы кітапхана іске қосылып жатыр. Жастайымыздан ата-анамыздың ықпалымен кітап оқыдық. Қазір шынын айту керек мемлекеттік қызметшілердің кітап оқуға уақыттары тапшы. Әкімдік ғимаратындағы кітапхана оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Туған өлкенің тарихын тануда бұл жобаның берері мол,-деді Серік Өмірханұлы!

Жылжымалы кітап пунктінде 500-ге жуық кітап қоры бар. Абай Құнанбаев-тың шығармаларынан бастау алған кітаптар тізбегі жергілікті ақын, жазу-шылардың шығармаларымен толық-қан. Ауданның тарихы қатпарланған кітаптарды да сөреден көруге болады.

«Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасының мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу. Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Оқырмандардың сұраныстарын толықтыру үшін арнайы жауапты кітапханашы қызмет көрсетеді. Сөредегі кітаптар мерзіміне сәйкес жаңартылып отырады.

«Сауран-ақпарат».