КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

141
 Аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиевтің төрағалығымен коммуналдык сала бойынша жиын болып өтті. Онда «Сауран-Су» және «Сауран қызмет», «Газ инспекциясы» мекемелерінің басшылары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қатысты.
 Күн тәртібінде жол, газ, жарық және жылу салалары бойынша мәселелер кеңінен тарқатылып айтылды. Одан әрі аудан көлемінде алдағы жоспарлар мен атқарылатын жұмыстар баяндалды. Мәжілісте ауданға қарасты ауылдық округтерді газбен қамту мәселесі де қаралды. Жоспарға сай жүзеге асатын ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен орындау жөнінде тапсырма берілді.
 “Өткен жылы ауданда жүргізілген қарқынды жұмыстар негізінде көптеген тұрғын жол мәселесінен құтылып, жаңа жолдың игілігін көрді. Биыл да бұл жұмыстар қарқынды түрде жалғасады”, — деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев.