СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

20

Испания/Аликанте қаласында Таеквондодан жасөспірімдер арасында Spanish Open рейтингтік халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары үш алтын медальді жеңіп алды!!

Олар: Анвар -Алиев Юсуф, 33 келі, Торабеков Улукбек, 37 келі және Ромашкин Хамзаальпер, 53 келі

Көркем гимнастикадан София қаласында «Sofia CUP» халықаралық турнирі өтті. Гимнаст қыздарымыз командалық сында 2 күміс жүлде бұйырса, жекелей сында Парфилова Милана 1 күміс, 1 қола жүлдені еншіледі.

Бокстан жастар арасында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XXII Халықаралық турнирінде 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрымбетов Біржан жарыстың жеңімпазы атанса, 54 келіде Ташмухамедов Ерасыл және 57 келі Жақыпбек Мағжан, сондай-ақ 57 келіде өнер көрсеткен жас аруымыз Көшенова Элаиза қола жүлдені қанағат тұтты.

Бокстан Баку қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы — 2024» Халықаралық турнирінде спортшымыз 86 келі салмақ дәрежесінде Таңатар Бекзат қола жүлдеге ие болды.

Ел чемпионатына оралсақ, Шымкент қаласында 2006 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Жеке-командалық чемпионатында 14 алтын, 13 күміс, 17 қола алған жерлестеріміз жалпы командалық есепте 1-ші орын алды. Ал, Петропавл қаласында Грек рим, еркін және әйелдер күресінен U 15 жасөспірімдер U 20 жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жерлестеріміз жүлдеден тыс қалмады, қоржынымызға 1 күміс, 6 қола салды. Сондай – ақ, Ақтау қаласында WKF каратэден ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 14 аймақтан жиналған біріншілікте жалпы командалық есепте Шымкент қаласы үздік үштікті (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) түйіндеді. Өңірімізде өткен көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында гимнаст қыздарымыз үздік көрініп, командылық сында 1-ші орыннан көрінді.

Шымкент қаласында шайбалы хоккейден 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында “Федерация Кубогына” арналған Республикалық турнирдың IV туры өтті. «Tornado» командасы 5 бірдей қарсыласын тізе бүктіріп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймыз!