ТҮЛКІБАСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ӨЛКЕ – ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

47

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Оның ішінде Түркістан облысында белсенділік өте жоғары. Өңірдің барлық аймағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 10 сәуір күні бастау алған «Таза өлке – Түркістан» науқанына түлкібастық мемлекеттік мекеме қызметкерлері де өз үлестерін қосты.

Бұл жерде 500-ден астам қызметкер білек сыбана көше бойының тазалағы мен ағаш түптерін әктеу сынды жұмыстарға атсалысты.

Тазалық акциясы барысында 9 шақырым көше мен күре жол бойы тазартылып, одан шыққан күл-қоқыс ауыр техника күшімен арнайы қоқыс полигонына тасымалдануда.

Айта кетейік, бұл акцияға облыс әкімі Дархан Сатыбалды да қатысқан-ды.

«Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» акциясын бастадық. Осыған байланысты өткен аптадан бері аудан, қалаларда тазалық, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Осы салаға жауапты басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Арнайы техникалар, ресурстар бөлінді. Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістанымызды одан сайын түрлендіре түсеміз! Оған мүмкіндігіміз жетеді» деген болатын облыс әкімі.