ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ҚОЛ КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

343


Ақмола облысы Щучинск қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар жиналып, жарыс өте тартысты өтті. Түркістан облысының «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары 16 алтын медаль алып, командалық есепте І орынды иеленді.
Жеңіс тұғырынан көрініп, облыс абыройын асқақтатқан білектілердің 14-і — ер азаматтар болса, 2-і бұрымдылар. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы Молдова елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———