ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

31

Қала әкімдігімен кәсіпкерлер арасында жарияланған серуендеу алаңының (бұрынғы балалар темір жолының 2-станциясы) аумағындағы кофехананың үздік концепциясы конкурсына 17 үміткер қатысты.

Арнайы құрылған 9 мүшеден тұратын комиссияның отырысында ұсынылған концепциялар егжей-тегжейлі қаралып, дауысқа салынды. Дауысқа салу барысында, байқаудың негізгі шарттарын ескере отырып қорытындыланды.

Нәтижесінде, байқау арасында көп дауыс жинаған екі үздік концепция анықталды.

Олар,

1) А.Асқаров атындағы Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясы 7 комиссия мүшесінің даусын жинады;

2) Қажымұқан атындағы спорт стадионы маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «Milita group» ЖШС-нің концепциясы 6 комиссия мүшесінің даусын жинады. Жалпы жеңімпаз болған жобалардың артықшылықтарын айтатын болсақ. Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағындағы «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясында Темір жол станциясының бастапқы кейіпі сақтала отырып, Дендросаябақта спортпен айналысатын қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы киім ауыстыру орны қаралған. Оған қоса, локомотиві бар (паровоз) пойызға ұқсатылған әр-түрлі тематикадағы тамақтану орындарының қарастырылған.

Сонымен бірге, Қажымұқан атындағы спорт стадионы маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағындағы «Milita group» ЖШС-нің концепциясы ескі вокзалды тематикалық жаңашылдың бағытында құрумен қоса балалар пойызының вагондарын қайта қалпына келтіріп, ішін кофетерий ретінде қолдану жобасымен ерекшеленді.

Оған қоса, жеңімпаз атанған қатысушылар қоғамдық тамақтандыру саласында 15 жылдан аса тәжірибелері ескеріліп кетті.

Бүгінгі таңда, жоғарыдағы аталған нысандарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тиісті құжаттар рәсімделуде.