«ИСЛАМДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫМДАР»

50

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің дінтанушы-теолог маманы Б.Абдрахман қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар» тақырыбында ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Экстремизмнің алдын алу үшін халықтың арасында діни сауаттылықты арттыру ең маңызды міндеттердің бірі. Елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.

Мемлекеттік қызметкерлерге діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.