Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады

114

Бүгінде Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. Бүгінгі таңда облыстағы әлеуметтік қызметтер порталының тізілімінде 245 өнім беруші бар, оның ішінде 21 ымдау тілі маманы, 19 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 146 оңалту техникалық құралдары және 59 ұйым санаторий-курорттық емдеу қызметін қамтамасыз етуге арналған.

Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2005 жылғы  қаулысында мүмкіндігі шектеулі жандарға  әлеуметтік көмектің  мынандай түрлері қарастырылған. Ол жерде  сурдо тифлотехникалық құралдар, протезді ортопедиялық  құралдар  (аяқ қол протездері , ортопедиялық аяқ киім, кеуде безі протезі, есту аппараты, жүріп тұру құралдары). Әлеуметтік көмектің берілу тәртібі: мүгедектер медициналық әлеуметтік комиссиядан өткен күннен бастап  ай  көлемінде мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы толтырылып беріледі. Протездік–ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша аудандық жұмыспен  қамту және әлеумет-тік  бағдарламалар  бөлімдеріне өтініш береді. Протездік–ортопедиялық құралдар мен қамтамасыз ету, сондай-ақ  оларды жөндеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер  бойынша  Ұлы  Отан соғысының  мүгедектеріне  теңестірілген  адамдарға, ҚР-ның Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін  атқарумен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшысы және қатардағы құраманың қызметтік  міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған адамдарына, жалпы аурудан мүгедек  болғандарға, бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға жүргізіледі.

Мүгедектер шино-былғары құрастырмалы протездермен, қазіргі заманғы технология-лар бойынша жасалған протездермен, олардың керек жарақтарымен, тұқылдарға кигізетін тыстарымен, ортопедиялық аппараттармен, тізе таңғыштарымен, салынатын кебістермен, тіреуіш-протездермен, былғары  шалбарларымен, ползункилермен, биалайлармен, жіңішке таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен  қамтамасыз етіледі. Сурдотехникалық  құралдармен  қамтамасыз ету 1-ші,  2-ші,  3-ші  топта-ғы  мүгедектерге және  мүгедек балаларға  жеке куәлігін, туу туралы куәлігін, мүгедектік және  оңалту бағдарламасын  ұсынған  жағдайда  беріледі. Есту  протезі дәрігер сурдологтар, лор дәрігерлері ауруларды  жалпы  лор тексеру  және аудиметриялық  тексеру кезінде  белгіленген, әр құлағы-ның  естуін  орташа жоғалтуы   20 ДБ-ден  асатын адамдарға  қолданылады.