Түркістан облысының тұрғындарының назарына Патерналистік көңіл-күй мен масылдықты төмендету жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Патерналистік құндылықтар өмірлік ұстанымына айналған азаматтар өзінің жетістігін де, сәтсіздіктерін де тек өзінің ұмтылыс талаптарымен ғана емес, сонымен қатар көп ретте өзі қамқоршы, жарылқаушы деп санайтын мемлекеттің рөлімен де тығыз байланыстырады. «Патернализм» ұғымы «әлеуметтік инфантилизм», «әлеуметтік масылдық» түсініктеріне өте жақын. Қазақстан Президенті Жолдауда негізгі басымдықты әлеуметтік саясатқа, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады. Жолдауда елімізбен қатар қаламыздың тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, руханияты мен мәдениетінің дамуы қамтылған. Сондықтан қазақстандық әр азаматқа жүктелер міндет те, артылар сенім де айрықша. Ең басты міндет – ел болып біріге еңбек етіп, қарқынды дамуды күшейте беру. Жолдаудың мәні де, мақсаты да осында. Қазақстанның азаматы болып мойынымыздағы міндетті жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Қазақстан Президенті Жолдауда негізгі басымдықты әлеуметтік саясатқа, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады. Жолдауда елімізбен қатар қаламыздың тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, руханияты мен мәдениетінің дамуы қамтылған. Сондықтан қазақстандық әр азаматқа жүктелер міндет те, артылар сенім де айрықша. Ең басты міндет – ел болып біріге еңбек етіп, қарқынды дамуды күшейте беру. Жолдаудың мәні де, мақсаты да осында. Қазақстанның азаматы болып мойынымыздағы міндетті жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін екі бейімдеу орталығының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар тұрғын алаптарда төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Мұның бәрі халықты масылдықтан арылтуға, патерналистік көңіл күйді жоюға бағытталған іс-шаралар деп түсінген абзал. Дене шынықтыру кешенін салу, жастардың көңіл-күйін жою болады.
Масылдық көңіл күйге әсер ету үшін аталған санатқа жататындар жиі шоғырланған аудандардан, облыс емес, аудандардан жұмыс бастаған жөн. Сонда ғана жалпылама деректерден, көмек беруден сәл де болса арылып, жалқыға көшеміз. Жұмыс көріне бастайды. Нәтижелі істі көрген өзге азаматтар өздері келетін дәрежеге жету керек. Ол қалай десеңіз, мемлекеттен беріліп жатқан әлеуметтік көмектерді қолжетімді етіп, сол бойынша психологиялық «шабуыл» жасаған дұрыс. Бұл саланы зерттеп жүрген азаматтар, мемлекет көмегімен масылдық көңіл күйді түбегейлі болмаса да айтарлықтай деңгейде жеңуге болатынын айтады. Оларды жетектеп оқуына түсіріп, жұмысына кіргізіп, былайша айтқанда, балық ұстап бермей, қолына қармақ ұстатқанда ғана қимылдай бастайды. Осыны басты бағдарға ұстаған дұрыс.