ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

46

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы Испиджап тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен кездесті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланған жиынға қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Еңбекші аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшыбеков, Еңбекші аудандық өзбек этномәдени бірлестігі филиалының жетекшісі Б.Мырзахметов және қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысып, жиналған жұртшылыққа Жолдаудың мән-маңызын түсіндірді.

Еліміздің экономикасын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген Жолдаудың барша ел азаматтарына ауқымды жауапкершілік жүктейтіні жеткізіліп, саяси құжаттың басым бағыттары бойынша тұрғындардың ой- пікірлері тындалды.

Кездесу соңында Атом электр станциясын салу бойынша биылғы 6 қазанға белгіленген жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіру – кәмелет жасқа толған әрбір қазақстандықтың мерейлі міндеті екені айрықша айтылды.