ОТЫРАР МЕН АРЫСТАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

23

Түркістан өңірінің білім нысандарында жаңа оқу жылына қызу дайын­дық жүріп жатыр. Жуырда облыс әкімі­нің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Отырар ауданы мен Арыс қаласына жұ­мыс сапарымен барды. Іссапар аясында мектепке дейінгі және жалпы білім бере­­­тін мекемелердің құрылыс жұмыстарын тексерді.

Биыл Отырар ауданында 6 мектеп, 3 ба­ла­бақшаға ағымдағы жөндеу жұ­мыс­тарын жүргізу жоспарланып, об­лыс­­тық бюджеттен қаржы қаралған бо­ла­тын. Отырарда жұмыс күшінен мәселе бар. Аудан әкімінің орынбасарына ауыл­­дан жұмысшылар ұйымдастыруға тап­­сыр­ма берілді.

Темір ауыл округінен бастаған об­лыс әкімінің орынбасары Темір жалпы білім беретін мектебінің жай-күйімен танысты. Білім ұясы 1979 жылы салын­ған. 874 орындық мектепте 789 оқу­шы білім алады. Мердігер мекеме ретін­де «А-ІІІ GROUP» ЖШС-і анықталған. Ғи­мараттың ішкі қабырғаларын қайта түсіріп сылау, әрлеу жұмыстары, сынып бөлмелерінің едендерін линолеиум төсеу, коридордың едендерін кафел­деу, электр жүйелерін  ауыстыру, есік-тере­зе көздерін ауыстыру жоспарлан­ған. Қа­зіргі таңда демонтаж жұмыстары жүр­гізілуде.

Қоғам ауыл округі, С.Әшіров атын­дағы жалпы білім беретін мектебі 1992 жылы салынған. 624 орынға ар­нал­ған білім ұясында 452 оқушы бар. Ғимараттың сыртқы қасбетін металлосайдингпен қаптау, ішкі қабырғаларын қайта түсіріп сылау, әрлеу жұмыстары, едендерін кафелдеу, электр жүйелерін  ауыстыру, есік терезе көздерін ауыстыру сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Талапты ауыл округіне қарасты Көкмардан ауылындағы «Көкмардан» жалпы орта мектебінің де ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапары Арыс қаласында жал­ғасты. Жалпы құрылыс жұмыс­тары­на ауыл адамдары тар­тылған. Ең алдымен Ақдала ауылдық округіндегі С.Ерубаев атындағы жалпы білім бе­ретін орта мектепке ат басын бұрды. Мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. 800 орынға лайық­талған білім ордасында 951 оқушы білім алуда. Қауіпсіздік үшін мектеп аумағы қоршалған. Ішкі және сыртқы 16 бейнебақылау камерасымен, ішкі әжетханамен жабдықтал­ған. Қазіргі кезде бірінші қабатында­ғы кейбір ка­бинеттің ағаш едендері көтеріліп, дәліздегі кафель төсемелері ескірген. Барлығы да ауыстырылып, қалпына келтірілмек. Сонымен бірге еден астынан өткен жылу жүйелерінің құбыр­лары тозығы жетуіне байланыс­ты қайта жаңғыртылмақ. Ескірген плас­тик есіктер мен терезелерді іші­нара ауыстыру жоспарланған. Ішкі және сыртқы қасбеті сырланады. Жөн­деу жұ­мыстары бекітілген кестеге сәй­кес қыр­күйек айының соңына дейін аяқ­та­лады. Бұдан бөлек қаладағы Журба мектебіне салынған қосымша 300 орын­дық ғимаратқа барды. Жаңа оқу жы­лы қарсаңында аяқталады деп жос­пар­лануда.

Арыс қаласының білім бөліміне  қа­расты  мектепке дейінгі 59 ұйым бар. Оның ішінде 10 балабақша мемлекеттік болса, қалған 49 балабақша жекемен­шік.  Онда 5841 бала тәрбиеленуде. Қала орталығындағы «Айгөлек», Қожатоғай ауылындағы «Саяжан» және Байтоғай елді мекеніндегі «Ақкөгершін» бала­бақ­шасында ағымдағы жөндеу жұмыс­тары жүріп жатыр.

Бейсенбай Дәулетұлы жауапты тұл­ға­ларға атқарылып жатқан жұмыс­тарды бақылауды күшейтуді, сонымен қатар уақытында және сапалы аяқтауды қа­таң тапсырды. Ол өз сөзінде тапсырыс бе­рушілер де, мердігерлерге де әрбір оқу орнында кездесіп отырған мәселе­лер­мен дер кезінде жұмыс істеу қажет деді.