АЭС — БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ

103

Бүгін 2024 жылы, 10 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Алтеев Бауыржан Ілімшаұлы және қалалық штаб өкілдері атом электр станциясы салу жөніндегі бүкіл халықтық референдум алдында түсіндірме жұмыстары жөніндегі жиынға қатысты.

Аталған жиналысқа арнайы шақырылған спикерлер ретінде ҚР Энергетика министірлігінің Ядролық физика институты, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Ермаков Евгений Леонидович, ҚР Энергетика министірлігінің Ядролық физика институты, Зерттеу реакторы кешенінің бас инженерінің орынбасары Бекбаев Асхат Қауысұлы және техника ғылымдарының кандидаты, энергетика кафедрасының доценті – Ильясов Рамиль Махмудович қатысты. Мамандар еліміздегі АЭС салу жөніндегі қазіргі таңдағы жағдаймен таныстырып, өзекті мәселелер тоқталып өтті.

Қазақстанда АЭС салу 90-шы жылдардан бастап аймақтың энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін қамтамасыз ету үшін маңызды экономикалық жоба ретінде қарастырылуда. 2023 жылдың күзінде МАГАТЭ мамандары Балқаш көлінің маңында АЭС салуға кедергі келтіретін факторлар жоқ екенін тағы да растады. Құрылыс процесі МАГАТЭ және WANO сияқты халықаралық ұйымдардың бақылауында болады.

Балқаш көлінің жағасында АЭС салу бірнеше өңірде электр энергиясының тапшылығын болдырмауға, импортқа тәуелділікті азайтуға және электр энергиясының бағасын тұрақтандыруға көмектеседі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында атом саласы үшін кадрлар даярлау қазақстандық жоғары оқу орындарында 5 білім беру және екі дипломдық бағдарлама (Ядролық физика, ядролық инженерия, ядролық физика және атом энергетикасы, теориялық ядролық физика) негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан шетелдік әріптестермен ғылыми-білім беру базасын дамытуда. Франция, Ресей және Венгриямен бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Жиын соңында мамандар жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, көкейкесті мәселелерді талқылап берді.