БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СОЗАҚТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

113

Бүкіләлемдік Тазалық күніне орай, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялықбағдарламасы аясында Созақ ауданындаауқымды тазалық жұмыстарыұйымдастырылды. Эко шараның негізгімақсаты — азаматтар арасында экологиялықмәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортанытаза ұстауға шақыру. Аудандық ардагерлералқасы бастаған топ «Ысқақ баб» кесенесініңайналасында шашылған қоқыстарды жинап, киелі мекен аумағын қураған шөптердентазартты. Шара соңында жиналған 1 тоннағажуық қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, абыз ақсақал Әбдірашұлы Садық та тазалық жұмыстарына қатысып, өз үлесін қосты. 

— «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бүкіл елін, жерін жақсы көретін азаматтардың басын қосып, туған жерін тазалап, ағаш егіп, экологияны сақтауға бағытталған бағдарлама. Біз өз өлкемізді күл-қоқыстан тазалай отырып, өскелең ұрпақты экомәдениеттілікке, қоршаған ортаны қорғауға үйретеміз. Табиғат ананы қорғай білсек, келер ұрпақ алдында мәртебеміз биік болмақ», деді ақсақал.

Сондай-ақ созақтықтар Шолаққорған елді мекеніндегі «Орталық» саябақпен қатар, Таукент ауылында орналасқан «Жастар» саябағында да тазалық жұмыстарын жасады. Шараға елді мекен тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және еріктілер атсалысты. Эко шара аясында демалыс аймақтарында қоқыстар жиналып, қураған ағаштардың бұтақтары кесіліп, ретсіз өскен шөптер шабылды. Эко шараға 100-ге жуық адам қатысып,  қос саябақ аумағынан 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Туристер үшін тартымды мекен саналатын Қызылкөл көлінің аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы мен көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды. 

Атап өтейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы, Түркістан облысында өткізілген сенбіліктерге 3,5 мыңнан астам тұрғындар қатысып, 98 техника тартылды. Нәтижесінде 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 

Бағдарлама аясында Түркістан облысы аумағында «Үлгілі ауыл» байқауы бастау алған. Байқаудың негізгі критерийлері ретінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралардың саны, насихаттау көрсеткіші, ауылды көгалдандыру, абаттандыру, тазалықтың сақталуы, ауылдың экологиялық жағдайы назарға алынып, байқаудың жүлдегерлері үшін жергілікті бюджеттен әлеуметтік нысандар салынатын болады.