ЕҢБЕШІ АУДАНЫ: ҚАЖЕТТІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ-БАСТЫ БАҒЫТ

15

Еңбекші ауданында сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету барысында бірқатар істер атқарылды. Аудандағы 9 айлық көрсеткіш бойынша 29 шағынаудан мен тұрғын алаптарды электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады.

Ал 2022 жылы аудан аумағындағы 9 елді мекенде жалпы 2013 абонентке сапалы электр желісі тартылса, 2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптарындағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды

Қазіргі таңда, «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Одан бөлек, «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылды.

Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аумағында (120 абонент) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірлеу және 19 трансформатор мен 33,4 шақырым желіні жаңарту 2024 жылға жоспарлануда.

Сонымен бірге ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды.

Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 73%, жекеменшік жүйедегі 17,7%. Ал қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.

2023 жылы Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе тұрғын алаптары жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Шымкентгаз» ЖШС тарапынан Қаратөбе т.а. Жаңақұрылыс аймағын көгілдір отынмен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Қарабастау тұрғын алабында (1590 абонент) мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

«Оңтүстік» шағынауданы мен «Жұлдыз», «Жалын» тұрғын алаптарында құрылыс жұмыстары бастау алды. Аталған жұмыстар 2025 жылға өтпелі.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен Жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41 пайызды құрайды. Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында (2248 аб., «Алем Строй1»ЖШС), кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, Құрылыстың толық аяқталмауына байланысты экономикалық тергеу департаменті тексеру жүргізуде. Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Базарқақпа тұрғын алабында Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.