АЛТЫНШЫ ЕМХАНАНЫҢ АЙЫ ОҢЫНАН ТУЫП ТҰР

30

АЛТЫНШЫ ЕМХАНАНЫҢ АЙЫ ОҢЫНАН ТУЫП ТҰР
немесе
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ АККРЕДИТАЦИЯЛЫҚ САНАТ ИЕМДЕНГЕН ЕМХАНА ШЫМКЕНТТЕ….

Сүйінші жаңалық! Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасына қарасты Айгуль Кылышбаева басқаратын Алтыншы Қалалық Емхана еліміздегі ең жоғары аккредитациялық санатқа ие болды. Құтты болсын! Бұл ұжымның ортақ жеңісі-дейді білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы бас дәрігер Айгүл Орынбасарқызы.

Құрметті Шымкент қаласының №6 емханасының ұжымы!

Сіздерді ең жоғары аккредитациялық санатқа ие болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жетістік – біздің қажырлы еңбегіміздің, кәсібилігіміздің және ортақ мақсаттарға адалдығымыздың айқын көрінісі.

Шымкент қаласындағы емханалар арасында алғаш болып бұл мәртебелі санатты иелену – ұжымымыздың ауызбіршілігі мен табандылығының жемісі. Біз тек жоғары стандарттарға қол жеткізіп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асырып, әрбір қадамымызда үздік нәтижеге ұмтылдық.

Бұл жеңіс – бізге берілген үлкен сенім мен зор жауапкершілік. Осы жетістікпен тоқтап қалмай, жаңа биіктерге ұмтылып, қызметімізді одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді салатынымызға сенімім мол. Алдағы уақытта да халыққа сапалы қызмет көрсету мен денсаулық сақтау саласын жетілдіруде үлгі болуды жалғастырамыз.

Біздің ортақ табысымыз тек кәсіби біліктілігіміздің ғана емес, бірлігіміз бен өз ісімізге деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі. Бұл жетістік – әрқайсысымыздың еңбегіміздің жемісі.

Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілеймін. Алдымыздан тек жарқын мүмкіндіктер ашыла берсін!

Ізгі ниетпен,
Қылышбаева Айгүл Орынбасаровна.