Теңдессіз күн — Тәуелсіздік күні құтты болсын!

40

Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Еліміз аман, егемендігіміз мәңгі болсын! Тәуелсіздік — жүздеген жылдар бойына жанкештілікпен, қайсарлықпен жүргізілген қанды шайқастардың, қазақтың қанымен, көз-жасымен келген аяулы да, ардақты, екі дүниедегі баға жетпес байлығымыз!

Біз — ең бақытты ұрпақпыз! Және азаттық үшін ғазиз өмірін күреспен өткеріп, ұлтының бостандығы үшін мерт болған ардақты ата-бабамызға мәңгілік қарыздармыз. Сол үшінде Тәуелсіздікті сақтау мен қорғау, оған аянбай еңбек ету біздің және болашақтың мәңгілік міндеті мен қасиетті парызы.

Уәлибек Әбдірайымов,
«Шаншар» театрының негізін қалаушы, белгілі өнер қайраткері