“ОТЫРАРДЫҢ ӘКІМІНЕ “8-МАРТ” ҚЫЗЫҚ ЕМЕС…”
Әкімдер 8-наурыз қарсаңында жапа-тармағай әйелдерді жарылқап жататын әдеті емес пе?.. . Ал, Отырардың әкіміне “8-март” қызық емес. Иә, бүгін аудан әкімі Кайрат Жолдыбай мырза “Біз Аналарды тек “8-мартта” ғана емес, әркез, әр күн сайын аялауымыз тиіс”-деп санайды. Отырардың әкімі жаңа жыл қарсаңында бір топ аналарды құрметтеді. “Алтын алқа”, “Күміс алқасын тағып марапаттады. Бәрекелді! Отырардың Алтын құрсақты аналары аман болсын! Ана сыйлаған әкімнен айналдым. Қайрат мырза Сіз бүгін білесіз бе кімдерді ардақтадыңыз?.. Отырар топырағында Қазаққа Әл-Фарабиден бастап, ұлт мақтанышы Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқов, Тәушен Әбуова, Мұхтар Шаханов, Өмірзақ Айтбаев, Көпен Әмірбек, Әселхан Қалыбекова, Құлбек Ергөбек сияқты дарабоз перзенттерді дүниеге әкелген асыл аналардың жалғасындай болған алтын құрсақты Аналарды құрметтедіңіз! Рахмет! Ұлық болсаң-кішік бол деген осы! Айтпақшы, Отырар ауданында 88 «Батыр ана», 701 «Алтын алқа», 1300-ден астам «Күміс алқа» иегерлері тіркелген. Тәубе! Отырардың аналары аман болса, әлі талай дарабоз таланттар туады Отырар топырағында!