ШЫМКЕНТТЕ 9 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қазір жаңа оқу жылы қарсаңында білім ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізетін мердігерлер анықталды. Оқушылардың заманауи талапқа сай білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектептердің материалдық-техникалық базасы да жаңартылады.
Айта кетейік, 2025-2027 жылдары Шымкентте 24 мектеп күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде. Бұл білім ошақтарында 36 166 шәкірт оқиды. Білім саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар алдағы уақытта да жоспар аясында жалғасады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі